3

Музыкалық аспаптардың үнін табиғи дауыстарымен салып жүрген қай топ?

3

Нұржан Керменбаев инстаграм мәдениетіне қатысты пікірлерін білдірді.

%d0%ba%d0%b8%d0%bd%d0%be

Отандық киноиндустрия қарқынды дамып келеді

Отандық киноиндустрия қарқынды дамып келеді. Бұған дәлел жыл немесе маусым сайын емес, ай сайын тұсауы кесіліп жатқан кинолар. Жақында «Гламур для дур», «Все из-за мужиков», «В поисках мамы», «Районы», «Хакер», «Бизнес по казахский», «Оралман из Питера» кинокартиналарының тұсауы кесіледі деп күтілуде. Кино әлемінде қолтаңбасын алыптастырған – Ақан Сатаев сынды кәсіби кинорежиссерден бөлек, ізбасар інілері Қанағат Мұстафин, Нұртас Адамбай, Нұрлан Қоянбаевтар да көрерменге тосынсый әзірлеп келеді. Бұрын қазақ киносы кинотеатрларда қомақты касса жинай алмайтын. «Шығындардың орны толмаса, демеуші болмаса»,-деп көбіне кино әлемінің майталмандары мұң шағатын. Қазір бәрі басқаша. Креативті идеялардың жемісін көрермен де жоғары бағалайды.